Жаңалықтар
Ұлттық қордан балалардың шотына 100 доллар түсе бастады
- авторjambylinfo.kz
- 31 қаңтар, 2024
- 1.9k
Ұлттық қордан балалардың шотына 100 доллар түсе бастады
Бүгін, 2024 жылдың 31 қаңтарында Қазақстанда жасы 18-ге толмаған балалардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының базасынан ашылған арнайы шоттарына Ұлттық қордан алғашқы инвестициялық табыс түсе бастады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде “Ұлттық қор - балаларға” жобасы басталды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық табысы елдегі 18 жасқа толмаған балаларға тең бөлінген. Осылайша, әр баланың шотына 100,52 доллар түскен.
Балаңыздың арнайы есепшотына қаражаттың түскен-түспегенін білу үшін мына сілтеме бойынша өтіп, баланың ЖСН жазу керек.
https://kids.enpf.kz/
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз