жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыдағы жол апатынан зардап шеккендерге жылы орын ұйымдастырылды

Жуалыдағы жол апатынан зардап шеккендерге жылы орын ұйымдастырылды
ашық дереккөзі
Жуалыдағы жол апатынан зардап шеккендерге жылы орын ұйымдастырылды
Бүгін Жуалы ауданының аумағында болған жол апатының салдарынан төрт адам ауыр жарақат алып, реанимацияға түсті. Соның ішінде, бір адамды санитарлық авиация облыс орталығындағы ауруханаға жеткізген, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жалпы, аудандық ауруханаға 26 түскен.  width=
«2024 жылғы 31 қаңтарда сағат 10:47-де Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылының маңында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Республикалық маңызы бар автожолының 567 шақырымында ауа райының қолайсыздығына байланысты 26 жол апатына түсті. Қаза тапқандар жоқ. Момышұлы ауылындағы орталық аудандық ауруханасына сағат 17:45-ке дейін 26 адам жеткізілді, оның 4-і реанимацияда. Жағдайлары ауыр. Ауыр жағдайдағы бір науқасты санавиация арқылы облыс орталығына жеткізу ұйымдастырылды», - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Нұрлыкент ауылының Мәдениет үйінде жылыту пункті ұйымдастырылған. Пунктіге барған 19 адам, соның ішінде 5 балаға ыстық тамақ, төсек-орын берілген.  width=
«Оқиға орнында Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза, полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ТЖД бастығының орынбасары Руслан Орынбеков барды. Қазіргі уақытта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трассасының 593-тен 534 км-ге дейінгі бөлігінде жол ашық», - деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар