сенбі, 26 шілде, 2025 0:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық ойындар – рухани жаңғырудың негізі

Ұлттық ойындар – рухани жаңғырудың негізі
ҚАЖД
Шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, сотталған азаматтардың дене белсенділігін арттырумен қатар, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыру

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 түзеу мекемесінде Ұлттық ойындар күніне орай спорттық-мәдени іс-шара өтті,деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, сотталған азаматтардың дене белсенділігін арттырумен қатар, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыру. Сонымен қатар бұл іс-шара рухани жаңғырудың бір бөлігі ретінде сотталғандарды тәрбиелеу мен қайта әлеуметтендіру үдерісінде маңызды рөл атқарады.

Іс-шара барысында қатысушылар арқан тарту, асық ату, белбеумен күрес сынды халқымыздың байырғы ұлттық спорт түрлері бойынша өзара бақ сынады. Әр ойын қатысушылардың ептілігін, күш-қайратын, шыдамдылығын ғана емес, бірлік пен ұйымшылдық сияқты адами қасиеттерін де айқын көрсетті.

Мекеме әкімшілігінің айтуынша, мұндай спорттық-мәдени шаралар қылмыстық-атқару жүйесінде оң тәрбие беру құралы ретінде тиімділік көрсетіп келеді. Ұлттық ойындар арқылы сотталғандар халықтық құндылықтармен қайта танысып, өзінің мәдени тамырына үңілуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, әртүрлі этнос өкілдері арасындағы достықты нығайтып, толеранттылық пен өзара сыйластықты дамытуға сеп болады.

Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұруы – моральдық тұрғыдан үлкен демеу екенін жеткізді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар