Отандық әнші Әйгерім Алтынбек әйгілі «Ла Скала» театры академиясының тағылымдамасына қабылданды
- авторСадуақас Айсұлу
- 24 маусым, 2025
- 282

Отандық өнерпаз Әйгерім Алтынбек «Ла Скала» театры академиясының тағылымдамасына қабылданды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстандық опера әншісі Әйгерім Алтынбек әлемдегі ең беделді опера өнері оқу орындарының бірі – «Ла Скала» театры академиясында тағылымдамадан өтеді.
Бейнежазба арқылы өткен алдын ала іріктеуге 400-ден астам үміткер қатысқан. Олардың ішінен 12 үздік орындаушы таңдалып алынды. Солардың қатарында Қазақстанның атынан қатысқан Әйгерім Алтынбек те бар.
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек – көптеген халықаралық вокалдық байқаулардың лауреаты.
Ол Италияда өткен халықаралық опера әншілері байқауында жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар Италияның Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқауында үшінші орынды иеленді. Қазақстандық әнші атақты италиялық опера әншісі Мирелла Френидің арнайы сыйлығын алды. Әлемнің 470 қатысушысы қатысқан Рената Тебальди атындағы халықаралық вокал конкурсында өнерпаз екінші орынға ие болды.
25 маусымда әлемге әйгілі Хосе Каррерастың концерті өтеді. Осы кеште Әйгерім Алтынбек те бой көрсетеді. Концертте әлемдік опера ариялар шырқалып, танымал дуэттер өнер көрсетеді.
27–28 маусымында Италияның Неаполь қаласында Андреа Бочеллидің мерейтойлық концертіне қатысып, аты аңызға айналған тенормен бір сахнада ән шырқайды.
"Бұл жетістік – оның білімге деген ұмтылысы мен кәсіби шеберлігінің жемісі. Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат министрлігінің жас таланттарды қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстың нәтижесі", - делінген министрлік хабарламасында.
Израиль мен Иран бітімі мұнай бағасына қалай әсер етті
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда шетелдік компанияларды бопсалаған хакер ұсталды
- авторАрайлы Жақсылық
- 26 шілде, 2025
Германия Қазақстан бағытындағы әуе қатынасын уақытша шектейді
- авторАрайлы Жақсылық
- 26 шілде, 2025