жұма, 14 наурыз, 2025 22:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жиын өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жиын өтті
Jambylinfo.kz
Жиында Ұлы Отан соғыс жылдарындағы тарихи деректер айтылды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жиын өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Ардагерлер орталығы» ғимаратында «Ұлы жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты тақырыбында облыстық ардагерлерінің кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің тарихи маңызы және соғыстағы жамбылдық өрендердің жаппай ерлігі, өлкемізден шыққан батыр ұл-қыздар туралы тарихи деректерді, сондай-ақ облыстың Жеңістің 80 жылдығына дайындық барысы кеңінен қозғалды.

Кеңейтілген төралқа отырысына Дулатитану және өңір тарихы ғылыми зерттеу орталығының басшысы Сейдахан Бақторазов, Жамбыл облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Құралай Өскенбаева, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жамбыл облысы қорғаныс істер жөніндегі департаментінің өкілдері, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова, «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру» дирекциясының директоры Сауран Қалиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қатысты.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар