дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ұлым үйленуге асықпаса, тағы да бөпелі болсам деймін»: Жазира Байырбекова арманы туралы айтты

«Ұлым үйленуге асықпаса, тағы да бөпелі болсам деймін»: Жазира Байырбекова арманы туралы айтты
Фото: Ашық дереккөзден
Әнші бұл туралы желідегі парақшасына жазған

Белгілі әнші Жазира Байырбекова тұңғышы үйленуге асықпайтынын алға тартып, әулиетіне келін түсіргенше, тағы да нәрестелі болуды армандайтынын жасырмай жазған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Өнер иесі 50 жасында балалы болған продюсер Баян Алагөзова талай келіншектің үмітін оятқанын атап өткен.

«Даратайым 5 жасқа келіп қалды, Аллаға шүкір. «Ұлым үйленуге асықпайтын болса, тағы да бөпелі болсақ қалай болар?» екен деп ойладым. Баян 45 жастан асқан талай келіншектің үмітін қайта оятқан сияқты иә, қыздар?! Сәби бар үйдің аурасы басқаша ғой", - деп жазды әнші ағынан жарылып.

Ал әншінің желідегі оқырмандарының пікірі екіге жарылған. Олардың бірі - ұлыңызды асықтырып ертерек немерелі болыңыз, жас келгенде бала туу ұят, денсаулыққа қарау керек десе, енді бірі – әншінің ой-арманын қолдап,   жүрекжарды тілектерін жарыса жазған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар