дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 2:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Енді азаматтар автоматтандырылған заң көмегін ала алады

Енді азаматтар автоматтандырылған заң көмегін ала алады
фото - ашық дереккөзден
Бұл жүйе адвокаттық қызметті және заң кеңесшілерінің қызметін автоматтандыруға арналған

Әділет министрлігі «Е-заң көмегі» мобильдік қосымшасы арқылы кеңес беру қызметін онлайн режимде қамтамасыз етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жақсартылған интерфейсі бар IOS және Android жүйелеріне арналған жаңа мобильді қосымша платформасы әзірленді.

«Министрлік ағымдағы жылы құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықтық кеңес алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында «Е-заң көмегі» мобильдік қосымшасында жасанды интеллектпен чат-ботты енгізуді жоспарлап отыр. Бұл азаматтарға 24/7 режимінде өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, неғұрлым егжей-тегжейлі түсіндіру қажет болған жағдайда құқықтық ақпараттық қызмет операторымен кеңесу немесе мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде білікті заң көмегін алу үшін бейнеқоңырау қолжетімді болады», - деді ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар