«Отбасы банкке» ұлттық даму институты мәртебесі беріледі
- авторjambylinfo.kz
- 5 қараша, 2024
- 315
Заңнамадағы өзгерісті іске асыру үшін министрлік «Отбасы банк «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына ұлттық даму институты мәртебесін беруді ұсынып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«30 қазанда ҚР Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қабылдады. Заң жобасы аясында Отбасы банкіне азаматтарды есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бере отырып, ұлттық даму институты мәртебесін беру ұсынылады», - деп жазылған құжатта.
Бұл заң жобасы бойынша баспана кезегіне қою, кезектің сақталуын қадағалау, кезектегілерге тұрғын үй үйлестіру жұмыстары «Отбасы банк» пен соның жанынан құрылатын Тұрғын үймен қамту орталығына беріледі.
Құжатты Мәжіліс Сенат ұсынған өзгерістермен бірге қабылдап, Президентке қол қоюға жолдаған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз