жұма, 20 қыркүйек, 2024 9:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мұғалімдер мен оқушылар жасанды интеллектті қолдануды меңгереді

Мұғалімдер мен оқушылар жасанды интеллектті қолдануды меңгереді
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Пилоттық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асып отыр

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ, «Astana hub» халықаралық технопаркімен және «Өрлеу» БАҰО АҚ-мен бірлесіп оқушылар мен педагогтерге арналған бағдарламалау негіздерін оқытатын онлайн-білім беру платформасының пилоттық жобасын іске қосты, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. 

Министрліктің мәліметінше, бастапқы кезеңінде 300 мұғалім мен тренер «Жасанды интеллект» және Game Development бағыттары бойынша біліктілігін арттырып жатыр. 

 "Биыл 31 желтоқсанда аяқталатын курстар алты айға жоспарланған. Курс аяқталған соң әрбір қатысушыға сертификат беріледі, олар әрі қарай оқушылар мен педагогтерді бағдарламалау негіздеріне оқыта алады.

«Пилоттық мектептердің білім алушылары бағдарламалау негіздері бойынша биыл шілде-желтоқсан аралығында онлайн режимде «No Code», «Low Code» және «Startup Academy» курстарынан және офлайн 2025 жылдың қаңтарынан бастап бағдарламалау негіздері бойынша оқиды. 

"Қазір Astana Hub платформасында білім алушыларды онлайн тіркеу жүріп жатыр. Әр оқушыға құпия сөз бен логин беріледі, оның көмегімен олар модульдерді игеріп, тапсырмаларды орындап, тестілеуден өте алады. Барлық модульдерден сәтті өткен білім алушыларға курсты аяқтағаны туралы сертификат беріледі, бұл IT-өнімдерді жасауға мүмкіндік беретін болады», – деп атап өтті Орта білім беру комитетінің басқарма басшысы Гүлнар Таласбаева.

Айта кету керек, оқушылар өздеріне ыңғайлы уақытта оқи алады. Әр сабақта бейнедәріс, қосымша материалдар және тест тапсырмалары бар. Сондай-ақ қатысушылар пилоттық жоба үйлестірушілерінен көмек сұрай алады. Пилоттық жоба барлығы 27 мыңнан астам оқушыны қамтиды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар