Жаңалықтар
Мүгедектігі бар спортшыны алып жүретін адамның шығындары бюджеттен өтеледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 қаңтар, 2025
- 238
![Мүгедектігі бар спортшыны алып жүретін адамның шығындары бюджеттен өтеледі](https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2025/01/1738148773.webp)
Депутаттар заңды екінші оқылымға дайындау кезінде осындай түзетулер енгізді.
Қабылданған норма бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыларды жарысқа бару кезінде көмекшілермен қамтамасыз ету мәселесін шешеді, деп хабарайды Jambylinfo.kz
Әдетте олардың қасында туыстары, сенімді адамдар немесе әлеуметтік қызметкерлер жүретін және олардың жол жүру, тұру шығындары спортшылардың жеке қаражатынан төленетін, өйткені спорт ұйымдарында тиісті өкілеттіктер болмаған.
Жаңа норма бірінші топтағы мүгедек спортшылардың көмекшілерінің шығындарын мемлекет тарапынан өтеуге мүмкіндік береді. Депутаттардың пікірінше, бұл қазақстандық паралимпиадашылардың моральдық рухын көтеріп, спорттық көрсеткіштерін жақсартуға септігін тигізеді.