дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 9:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мәжілісте қыз алып қашу мәселесі көтерілді

Мәжілісте қыз алып қашу мәселесі көтерілді
Фото: tengrinews.kz
әжіліс Төрағасы тиісті нормаларды заңнамалық деңгейде енгізу қажеттігі туралы ұсыныстарды қолдады

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында "Мәдениет туралы заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын қарау барысында депутаттар қыз алып қашу мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Aikyn.kz cілтеме жасап. 

Депутат Мұрат Әбенов кейінгі кезде елімізде қыз алып қашудың белең алып жатқанына тоқталып, бұл мәселеге Мәдениет және ақпарат министрлігі назар аудармай отырғанын айтты.

Сонымен қатар Мұрат Әбенов пен Еділ Жаңбыршин осы мәселе бойынша Президенттің Ұлттық құрылтайда айтқан сөзін еске алып, тапсырманың әлі күнге орындалмағанын алға тартты.

"Президент "елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар, бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік…Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу керек және оны тек сынау жеткіліксіз, оған біржола тосқауыл керек" деп тапсырма берген болатын. Бұл тапсырма әлі күнге дейін орындалмады,- деді Мұрат Әбенов.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов тиісті нормаларды заңнамалық деңгейде енгізу қажеттігі туралы ұсыныстарды қолдады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар