дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Пәндер қысқартылады»: Елімізде мұғалімдер жұмыссыз қалмай ма

«Пәндер қысқартылады»: Елімізде мұғалімдер жұмыссыз қалмай ма
Сурет: Алтынбек Қартабай
Өйткені 2026 жылы білім берудің стандарты енгізілуі мүмкін

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарындағы өзгерістер 9 желтоқсанға дейін ашық порталында талқыланады, деп жазады Jambylinfo.kz

"Qazaqstan" телеарнасының хабарлауынша, өзгертілген білім стандартында кейбір пәндерді біріктіру, ал бірнеше пәнді кіріктіріп оқыту көзделген. Ал «көркем еңбек» пәні қайтадан бұрынғыша бейнелеу өнері, еңбекке баулу пәні болып екі бөлек оқытылады. Бағалау жүйесі де қайтарылды. Енді басқа сабақтар сияқты 1-10 балл арасында баға қойылады. Өзгеріс дене шынықтыру мен музыка пәніне де қатысты.

- Бұл жерде алгебра мен геометрия бейберекет бір-біріне қосылмайды. Ол деген егер мектеп екі пәнді бөлек оқытамын десе ол – мектептің құқығы. Ал кей мектептерге оларды біріктіру рұқсатын беріп отырмыз. Біз болады деп физика, химия, биологияны «Жаратылыстану» пәні ретінде біріктіруге болады. Сонымен бірге, дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «Әлеуметтік ғылымдар» пәніне біріктіруге болады,- деді Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов.

Әдіскердің айтуынша, біріктіріп және оқу пәндерінің мазмұнын кіріктіріп оқытқаннан оқушы да педагог та ұтылмайды.

- Биология дегеніміз тұнып тұрған химия, ал химия дегеніміз тұнып тұрған биологиядан шығады. Екеуі бір-біріне тақырып жағынан да, берілу пәндік ерекшелігі жағынан да ұқсас пәндер. Егер, мұғалімнің шеберлігі жеткілікті болса, тақырыптар бір-біріне ұқсас болса, ешқандай қиындық келтірмейді деп ойлаймын. Білім алушыға қажет емес тақырыптар өте көп. Соларды тақырыптан алып тастайды да, бір-бірінен ұқсас тақырыптарды қалдырады,- дейді қалалық әдістемелік орталық әдіскері Гүлзира Оразбекова

Құжаттағы тағы бір өзгеріс – мектеп бітірушілеріне міндетті пәндер қысқартылып, жоғары оқу орнына түсуге дайындалу үшін оқушының таңдауына қарай қосымша сабақтар қосылады.

Ал Еуропа елдерінде сыныптарында пән аз. Жоғары сыныптары гуманитарлық ғылым, технология, жаратылыстану ғылымдары, өнер бағыты бойынша білім алады. Сәйкесінше, болашақ таңдаған мамандығына байланысты үш қосымша пән енгізіледі.

Айта кетейік, құжат бірнеше талқылаудан өткен соң, келесі жылы бекітіледі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар