«250 миллион теңгенің алтынын өндірген». Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2024
- 399
Астанада алтынды заңсыз өндіргені үшін ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары сотталды, деп жазады Jambylinfo.kz
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақмола облысында алтынды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобына қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.
Көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 қатысушысы құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірумен және өңдеумен, сондай-ақ, зергерлік бұйымдарды қолдан өндірумен айналысқанын дәлелдей алды.
- Жалған алтын зергерлік бұйымдар елдің базарлары мен зергерлік дүкендерінде сатылған. Қылмыстық схеманы Ресей мен Украина азаматтарын тарта отырып, Қазақстан азаматы ұйымдастырған. Мемлекетке келтірілген залал 250 млн теңгені құрады.Сотталғандар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды,- делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазақтың дәстүрі «Беташар» ЮНЕСКО тізіміне енді
Ұқсас жаңалықтар
"Алакөлде қалып кеткен". Жетісуда 25 балықшы құтқарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қаңтар, 2025
Мемлекеттік сатып алу Заңына енгізілген негізгі өзгерістер қандай
- авторМағжан Орынбасар
- 10 қаңтар, 2025