жұма, 23 мамыр, 2025 20:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Маңызды: 15 және 16 мамырға дейін қандай салық есептерін тапсыру қажет

Маңызды: 15 және 16 мамырға дейін қандай салық есептерін тапсыру қажет
Фото: Freepik
Ескерту: Салық есептілігін кешіктіру әкімшілік айыппұлдарға әкелуі мүмкін, сондықтан бұл мерзімдерге назар аудару маңызды.

Қазақстанда 2025 жылдың бірінші тоқсаны үшін салық есептілігін тапсыру мерзімі 2025 жылдың 14 және 15 мамырында аяқталады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  zakon.kz  сілтеме жасап.

"Параграф" АЖ 15 мамырға дейін мыналарды ұсыну қажеттігін еске салады:

510.00 форма – Қол қою бонусы туралы декларация.

Келесі салық есептілігі нысандарын 15 мамырдан кешіктірмей тапсыру қажет:

2025 жылдың наурыз айына

400.00, 421.00 форма – акциздерді декларациялау және есептеу;

2025 жылдың бірінші тоқсаны үшін

101.03 ф – Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу;

101.04 ф – Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу;

300,00 ф – ҚҚС декларациясы;

500.00 ф– Роялти, өндірістік бонус туралы декларация;

531.00 ф – Заттай нысандағы салық міндеттемелерінің орындалуы туралы декларация (есеп);

560.00 ф – Тарихи шығындарды өтеуге төлем туралы декларация;

570.00 ф – Экспорт бойынша рента салығы бойынша декларация;

590.00 ф – Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық декларациясы;

701.01 ф – 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша салық міндеттемелері туындаған немесе өзгерген объектілер бойынша 2025 жылға арналған жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі;

710.00 ф – Құмар ойындарға салық декларациясы;

860.00 ф – Жер үсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы туралы декларация;

870.00 ф – Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем туралы декларация;

880.00 ф – Цифрлық тау-кен өндіру үшін алым декларациясы;

913.00 ф – Бөлшек салық жүйесін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларациялар.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар