сенбі, 31 мамыр, 2025 22:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда өткен «Ойлан, тап!» республикалық олимпиадасында үздіктер анықталды

Таразда өткен «Ойлан, тап!» республикалық олимпиадасында үздіктер анықталды
Ашық дереккөз
11–14 мамыр күндері аралығында Тараз қаласындағы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында алғаш рет Мұхтарбай Өтелбаев атындағы «Ойлан, тап!» республикалық математика олимпиадасы ұйымдастырылды. Аталған білім сайысы 7–8 сынып оқушыларына арналды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 150-ге жуық дарынды оқушы, 50-ден аса команда жетекшілері мен ұстаздар, тәжірибелі қазылар алқасы және арнайы қонақтар төрт күн бойы математикалық білім мен логикалық ой-өрістің мықтылығын сарапқа салды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырып, теориялық білімін тереңдету, практикалық дағдыларын шыңдау және дарынды оқушыларды қолдау.

Салтанатты жабылу рәсіміне физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мұхтарбай Өтелбаев Өтелбайұлы, сондай-ақ оның шәкірттері – профессор Қошанов Бақытбек Дәнебекұлы мен профессор Біргебаев Ақтай Біргебайұлы қатысты. Сонымен қатар, олимпиаданың бас серіктесі «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қорының өкілдері де шараға арнайы келді. Атап айтқанда, қор директорының орынбасары Абенов Серік Әбділнасырұлы және жобаларды басқару департаментінің басшысы Ешимова Рсалда Советқызы жас дарындарға қолдау көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен үздік нәтижеге қол жеткізген оқушылар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:

І орын (13 оқушы) – Apple Watch смарт сағаттары,

ІІ орын (20 оқушы) – AirPods сымсыз құлаққаптары,

ІІІ орын (31 оқушы) – портативті проекторлар,

14 оқушы – арнайы марапат грамоталарын иеленді.

Олимпиаданың абсолютті чемпиондары атанған оқушылар:

Саурбаев Динмұхамед – Алматы қаласы, Nurorda Almaty мектеп-лицейі, 7-сынып,

Күнғожин Абзал – Алматы қаласы, Республикалық физика-математика мектебі, 8-сынып.

Бұл оқушыларға «The Ulytau Educational Foundation» қорының атынан iPad планшеттері табысталды.

Ал «Ең үздік команда – 2025» атағы Ақтөбе облысының командасына бұйырды.

Академик Мұхтарбай Өтелбаевтың құрметіне ұйымдастырылған бұл олимпиада – математика ғылымына ерекше серпін беріп, еліміздің білімді, ойлы ұрпағын тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

 

Бөлісу:
Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар