бейсенбі, 29 мамыр, 2025 17:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы: елімізде күн ысып, кей қалаларда жауын жауады

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы: елімізде күн ысып, кей қалаларда жауын жауады
Pixabay.com
"Қазгидромет" хабарлауынша, 14–16 мамыр аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде күн райы тұрақты әрі ыстық болады.

Алайда кейбір аймақтарда жауын-шашын мен найзағай күтілуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мамандардың айтуынша, алдағы күндері тұрғындар ыстықтан сақтанып, ауа райына сәйкес киініп жүруі керек.

Таразда күн қатты ысиды

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында күн шуағы төгіле түседі. 14 мамырда ауа температурасы +35°C-қа жетсе, 15 мамырда +37°C, ал 16 мамырда +38°C ыстық күтілуде. Түнгі уақытта да салқын бола қоймайды – ауа температурасы +17°C шамасында.

Алматыда – бұлтты күндер, бірақ ыстық

Алматы қаласында бұлтты болғанымен, күннің қызуы бәсеңдемейді. 14 мамырда +30°C, 15 мамырда +32°C, 16 мамырда +34°C болады деп күтілуде. Аспан бұлтты болғанымен, жауын-шашын болмайды.

Астана тұрғындарына найзағай ескертіледі

Елордада күн ыстығымен қатар жауын-шашынды күндер де болмақ. 14 мамырда +32°C, 15 мамырда күн қатты ысиды – +39°C. Ал 16 мамырда ауа температурасы +28°C-қа дейін төмендеп, кей жерлерде найзағайлы нөсер болуы ықтимал.

Шымкентте де аптап ыстық

Оңтүстіктегі Шымкент қаласында күн қатты ысиды. 14 мамырда +36°C, 15 мамырда +37°C, 16 мамырда +38°C күтілуде. Аспан ашық, жауын-шашын болмайды.

Қарағандыда – жылы әрі бұлтты күндер

Қарағандыда күн жылы, бірақ аспанда бұлттар жиналуы мүмкін. 14 мамырда +33°C, 15 мамырда +35°C, ал 16 мамырда +33°C шамасында болады.

Атырауда – жауын мен салқындық

Атырау қаласы күн күркіреп, жаңбыр жауатын сирек қалалардың бірі. 14 мамырда +27°C, 15 және 16 мамырда +23°C-тан аспайды. Ауа салқындап, кей жерлерде екі мәрте нөсер болуы ықтимал.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар