бейсенбі, 3 қазан, 2024 3:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Мансабымдағы ең қиын кезең": Жарақат алып қалған Неймарға ота жасалынбақ

"Мансабымдағы ең қиын кезең": Жарақат алып қалған Неймарға ота жасалынбақ
ашық дереккөзі
"Мансабымдағы ең қиын кезең": Жарақат алып қалған Неймарға ота жасалынбақ
Әйгілі бразилиялық шабуылшы Неймар Уругвай құрамасымен өткен ойында жарақат алғанын растап, алдағы уақытта ота жасалатынын мәлімдеді. Футболшы қазір мансабындағы аса ауыр кезең екенін айтты. Неймар Instagram желісінде жазба жариялап, жарақатына қатысты пікір білдірді. Шабуылшы өткен жарақатынан енді айыққан кезде қайтадан жарақат алу қиынға соққанын жасырмады. "Бұл мансабымдағы ең ауыр кезең болды. Мықты екенімді білемін. Бірақ бұл жолы жақындарымның көмегі бұрынғыдан да қажет. Жарақат алып, отаны еңсеру оңай емес. Толығымен айыққаннан кейін араға төрт ай ғана салып, қайтадан осының бәрінен өту қиын. Мен жазылып, бұданда мықты болып оралатыныма сенемін. Жаратушыға тапсырдым. Қолдау білдіріп жатқан жандарға алғысым шексіз", - деді футболшы. Дереккөз: https://kaz.nur.kz/sport/2041661-mansabymdagy-en-qiyn-kezen-zaraqat-alyp-qalgan-neimarga-ota-zasalynbaq/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар