бейсенбі, 3 қазан, 2024 1:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін – Рейхстагқа Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні

Бүгін – Рейхстагқа Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні
ашық дереккөзі
Бүгін – Рейхстагқа Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні
19 қазан – Халық қаһарманы, Екінші Дүниежүзілік соғыста ерен ерлігімен көзге түскен, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні, - деп хабарлайды Жамбылинфо тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.  Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Тайтөбе ауылында туған. 1942 жылы 18 жасында Қазақстан және Орта Азия сарбаздарын әскери дайындықтан өткізген Көкшетау қаласындағы атқыштар полкі қатарына алынады. Ал 1944 жылы Тамбов жалпыкомандалық жаяу әскер училищесін үздік тәмамдап, кіші лейтенант шенінде майдан шебіне қосылады. Майданда Рақымжан Қошқарбаев ерен ерлігімен талай рет көзге түсті. Ол басқарған взвод Одер өзенінен Рейхстагқа дейін 200 немістің көзін жойып, 184-ін қолға түсірді. Қан майданда жаудың 14 зеңбірегін, 27 үлкен калибрлі пулеметін, көптеген мылтық, оқ-дәрілерді тәркілеген. Осы ерліктері үшін Рақымжан Қошқарбаевтың взводына «Бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені табыс етіледі. Соғыстың соңына қарай лейтенант Рақымжан Қошқарбаев 150-ші атқыштар дивизиясы 647-ші атқыштар полкі барлау взводының командирі болды. Осы тұста жанкешті қазақ батырының есімі майдан шебінде аңызға айналды. Қазіргі уақытта Ресей СІМ-нің ресми парақшасында Рейхстагтың қасбетіндегі алғашқы Қызыл жалауды 1945 жылғы 30 сәуірде 150-ші атқыштар дивизиясы 674-ші атқыштар полкінің жауынгерлері лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов орнатқаны туралы жазба бар. Соғыстан кейінгі жылдары Рақымжан Қошқарбаев Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947-67 жылдары Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор болды. Ал 1967 жылы «Алматы» қонақ үйінің алғашқы директоры болып, бұл қызметті 1988 жылы қайтыс болғанға дейін атқарды. Бүгінде қонақ үйдің кіреберісінде Халық қаһарманына арналған ескерткіш тақта бар. Бір қызығы, кезінде бұл ғимараттың орнында Әскери Әулие-Алексей соборы болған.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар