Мас жүргізушінің кесірінен алты бала суға батып кетті
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 21 маусым, 2024
- 695
Қырғызстанның Шу облысы, Жайыл ауданында көлік тоғанға құлап, салондағы кәмелетке толмаған сегіз баланың алтауы суға батып кетті, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 24.kg сайтына сілтеме жасай отырып.
Қайғылы оқиға 20 маусым күні орын алған. Қара Балтаның 40 жастағы тұрғыны әйелі және төрт баласымен бірге № 3 тоғанға демалуға келген. Кешқұрым Volkswagen Jetta жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып тоғанға құлап кеткен.
Көлікте үш ересек пен сегіз бала болған. Төрт пен тоғыз жас аралығындағы алты бала суға батып кетті. Олардың бәрі — бір отбасының мүшелері.
Олардың жанында ер адамның әпкесі және оның төрт баласы — бас-аяғы үш ересек және сегіз бала болған.
Шу облысының ішкі істер басқармасы жүргізушінің балаларды «шомылуға болмайды» деген белгісі бар жерге әкеліп, онымен қоймай мас болып көлікке отырғанын, осы жағдай олардың өліміне әкелгенін ескертті. Тергеу аясында жүргізуші ұсталды. Ер адам қамауда отыр. Тергеу жалғасып жатыр.
Демалыстан қайтып келе жатқанда жүргізуші мас болғандықтан көлік руліне ие бола алмай, суға құлаған. Жүргізуші, оның әйелі, үш айлық қызы, ер адамның әпкесі және оның жеті жасар қызы аман-есен ауруханаға жеткізілген.