дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 14:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел 15 жылға сотталды

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел 15 жылға сотталды
Сурет: Орда.кз
Бұл туралы Түркістан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады

Сот "Ұйықтап жатқан екі баласын жастықпен тұншықтырып өлтірді" деп айыпталған  31 жастағы Бота Хамитқызына 15 жыл жаза кесті-деп хабарлайды jambylinfo. kz.«Qazaqstan» телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Ол жазасын орташа режимдегі түрмеде өтейді. Бұған қоса сот оны өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқынан айырған. 

Сотталушы ауыр қылмыс жасауына күйеуіне деген өкпе-реніштің себеп болғанын айтқан. Айыпталушы созылмалы психикалық аурумен ауырмаған. 

Ол балаларын аффект жағдайда өлтірмегені анықталған. Еске салайық, 15 жыл жаза арқалаған Бота Хамитқызы Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде  мұғалімі болып жұмыс істеген.

Бөлісу:
Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар