«Шығындар айтарлықтай өсіп жатыр»: Әлихан Смайылов бюджет тапшылығы бойынша бірқатар проблеманы атап өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 21 маусым, 2024
- 566
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында бюджет тапшылығы мәселесін сөз етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Әлихан Смайыловтың сөзінше, соңғы жылдары мемлекеттік шығындар айтарлықтай өскен. Бұл ретте мұнайдан түскен пайдадан бөлек, таза кірістермен қамтамасыз етілуі 50 пайыз деңгейінде. Егер көрсеткіш жақсармаса, Ұлттық қордың валюталық активтерін 2030 жылға қарай 100 миллиард долларға дейін ұлғайту бойынша берген президент тапсырмасы арманда кетуі әбден мүмкін.
«Қалған алшақтық негізінен Ұлттық қордан берілетін трансферттер және қарыздар тарту есебінен жабылады. Сондықтан тапшылықты сақтау жеткіліксіз. Тапшылығы жоқ бюджетті қалыптастыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарлар қажет. Ұлттық қорды басқару жөніндегі нормативтік құқықтық база тұрақтылықты қажет етеді. Әйтпесе біз Мемлекет басшысының Ұлттық қордың валюталық активтерін 2030 жылға қарай 100 миллиард долларға дейін ұлғайту жөніндегі алға қойған мақсатына қол жеткізбеу тәуекелдерін көріп отырмыз»,- деді Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов.
Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024