дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Күмән тудырады». Депутат қыруар қаржы бөлінген гидротехникалық құрылыстар бойынша министрге сауал жолдады

«Күмән тудырады». Депутат қыруар қаржы бөлінген гидротехникалық құрылыстар бойынша министрге сауал жолдады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Елімізде гидротехникалық құрылыстарды жүргізуге мемлекеттен және ұлттық қордан 14,5 млрд теңге бөлінген

Сенатор Амангелді Нұғыманов су саласында бұған дейін жасалған гидротехникалық құрылыстардың күмән тудыратынын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Сенат депутатының сөзінше, елімізде гидротехникалық құрылыстарды жүргізуге мемлекеттен және ұлттық қордан 14,5 млрд теңге бөлінген. Бұған 19 нысан салынған. Алайда бұл көрсеткіш су тасқыны болғаннан кейін күмән тудырып отыр. Депутат осы орайда су ресурстары және ирригация министрінен гидротехникалық құрылыстар, су ресурстарын сауатты басқаратын жобалары туралы сұрады. Нұржан Нұржігітов сауалға былай жауап берді.

«Бүгінде республика көлемінде 1502 тірек гидротехникалық құрылыстарымыз бар. Оның 507-сі күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарын қажет етеді. Осыған байланысты министрлік тарапынан жергілікті атқарушы органдармен кешенді жоспар әзірленген. Мына биылғы көктемгі су тасқынына байланысты мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз кешенді жоспарды қайта қарастырып жатырмыз. Алдағы 5 жылда тірек гидротехникалық құрылыстарымызды жаңғыртуды жоспарлап отырмыз»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар