дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 15:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мектептер «Күнделік» жүйесінен бас тарта ма

Мектептер «Күнделік» жүйесінен бас тарта ма
Коллаж: Jambylinfo.kz.
Қазақстанның бірнеше облысы "Күнделік" жүйесінен бас тартты

Елміздің мектептері біртіндеп "Күнделік" жүйесінен бастап жатыр.  Былтыр яғни осыдан бір жыл бұрын Ақтөбеде "Білім класс" журналы қолданысқа енгізілсе, биыл  Қостанай облысының мектептерінде «Күнделік» жүйесінің жұмысы тоқтатылып, оның орнын «BilimClass» электрондық журналы басты. Енді Қазақстанның  барлық мектептері "Күнделік" жүйесінен бас тарта ма? Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрлігі жауап берді, хабарлайды Jambylinfo.kz  

Министрліктің баспасөз қызметі  Ulysmedia.kz сайтына берген жауабында, "Білім туралы" заңның 6-бабының 2-тармағы бойынша жергілікті атқарушы органдар бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету бағытында қолдау көрсетеді.

– Осыған байланысты мектептер үшін бағдарламалық шешімдерді, ақпараттық жүйелерді таңдау Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар нарықта бар "Күнделік" жүйесі және басқа да балама шешімдерді таңдауға құқылы, – делінген жауапта.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар