сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025 14:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды
Фото: Ақорда
Президенттің айтуынша, азаматтарымыз да бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауы керек.

Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ақордада өткен салтанатты жиында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Соның бәрін үнемдеп, ақылмен пайдаланған абзал. Жалпы, бұл – тұтас экономикаға ортақ талап. Ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Халқымыз "Үнемшілдік – ырыстың кілті" деп бекер айтпаған. Біз осы қасиетті ұлттық дағдымыз етіп, қоғамда мүлдем жаңа мәдениет қалыптастыруымыз керек. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз – еліміздің энергетикалық дербестігінің мызғымас кепілі. Әділетті, Таза, Қуатты Қазақстанда өздеріңіз сияқты еңбек адамдары ең жоғары сый-құрметке лайық", – деді Мемлекет басшысы.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар