Мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық өндірушілерді қолдау: Қазақстанның химия саласы үшін оң нәтижелер
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 мамыр, 2025
- 190

Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдаудың маңызды құралдарының бірі ретінде мемлекеттік сатып алулар жүйесі қалыптасқан. Бұл тәсіл химия өнеркәсібінде бірқатар оң нәтижелерге әкелді. Мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру кезінде қазақстандық компанияларға басымдық берілуі ішкі өндіріс көлемін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және өндірістік қуаттарды жаңғыртуға мүмкіндік берді.
Өнеркәсіп саласында іске асырылған заңнамалық бастамалардан басқа, химия саласына оң әсер еткен бірқатар нақты нормалар қабылданған.
- мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алу нәтижесінде өткен жылы лак бояу материалдары, тұрмыстық химия және жағар майлар өндірісінің көлемі 30%-ға өсті.
- Сонымен бірге субсидияланған тыңайтқыштарды елден заңсыз шығарылуын тоқтату үшін аммофос, селитра сияқты маңызды тыңайтқыштардың (ҚазАзот, Қазфосфат) экспорты лицензия беру арқылы реттелді. Бұл шара бағаны тұрақтандыруға және жергілікті фермерлерге тыңайтқыш жеткізуді арттыруға ықпал етті.
Алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша өнім көлемі 12,5% пайызға өсіп, 406 миллиард теңгені құрады. Өсім полипропилен және уран қосылыстары өндірісінің ұлғаюымен байланысты.