жұма, 27 желтоқсан, 2024 16:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Менің Тiktok-та аккаунтым жоқ"- Мусин

"Менің Тiktok-та аккаунтым жоқ"- Мусин
ашық дереккөзі
"Менің Тiktok-та аккаунтым жоқ"- Мусин
Жақында Мәжіліс отырысында депутат Аманжол Әлтай Жасөспірімдер арасында жантүршігерлік тосын оқиғалардың жиілеп кеткенін айтып, бұл тұрғыда танымал тик ток желісінің де бір себеп болып отырғанын жеткізді. Сәйкесінше тиктокты кәмелет жасқа толмағандарға тыйым салу керектігін де айтып қалды. Осы орайда, Jambylinfo.kz тілшісі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннен мәселеге қатысты пікірін сұрап көрді. Министр былай деп жауап берді: « Балаларға Тiktok-қа тыйым салу менің ойымша дұрыс емес. Оған жас кезінен бастап үйрету керек. Оның зияны да бар, жақсы жақтары да бар, оны бақылауда ұстау керек»,-деді Бағдат Мусин. Сондай-ақ, ол ата-аналар балаларының ұялы телефоннан күнделікті не көріп отырғанын тексеру қажет деді. Сөз барысында біз де өзінен балаларының телефонын қаншалықты тексеретінін және Тiktok әлеуметтік желісінде отырады ма деген сауалды қойдық? « Иә, әрине бақылауды жүргіземіз. Ата-ана ретінде біздің міндетіміз ғой. Баланың қайда барып, қайдан келгенін бақылап отырамын. Жалпы, менің Тiktok-та аккаунтым жоқ. Ал, балаларым Тiktok-қа пост сала ма, салмайды ма оны менің жұбайым қадағалап тұрады», - деп жауап берді министр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар