жұма, 27 желтоқсан, 2024 16:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ZHEIF-2023: ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЛУБТЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

ZHEIF-2023: ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЛУБТЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ
ашық дереккөзі
ZHEIF-2023: ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЛУБТЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ
«Zhambyl Economic and Investment Forum-2023» халықаралық экономикалық инвестициялық форумы аясында консулдық корпустың отырысы өтіп, онда көпшілік дауыспен Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй дипломатиялық клубтың президенті болып сайланды. Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің аумағында 26-27 сәуір күндері Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев, Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов және басқа да құрметті қонақтардың қатысуымен ауқымды форум өтті.  width= Дипломатиялық клубтың отырысына Венгрия, Бельгия, Қытай, Түркия, Ресей, Польша, Әзірбайжан Республикасы, Корея Республикасы (KOTRA), Иран Ислам Республикасы , Литва Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі сияқты елдердің елшіліктері мен бас консулдықтарының өкілдері де қатысты.  width= Жиналғандар алдында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің басшысы Бақытжан Бөлегенов сөз сөйледі. - Біз екі күн бойы «ZHEIF-2023» форумына қатысып келеміз. Осы тұста атап өткім келеді, клубқа әртүрлі елдерден шамамен 26 дипломат кіреді. Оларға Жамбыл облысының инвестициялық салалардағы әлеуетті мүмкіндіктері көрсетілді. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дәулет Әбілқайыровтың және облыс әкімдігінің көмегімен олар көшпелі дипломатиялық клуб өткізді. Бұл тағы да қайталап айтамын, бұл экономиканың түрлі салалары бойынша ынтымақтастық орнату үшін жаңа қолайлы мүмкіндіктер туғызады.  width= Дипломатиялық клуб сауда-экономикалық, техникалық, өндірістік, қаржылық және мәдени салалардағы шетелдік дипломатиялық корпус пен Қазақстанның іскер топтары арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға арналған алаң болып табылады. Оның құрамына Қазақстан Республикасында аккредиттелген Бас консулдықтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері кіреді. – Дипломатиялық клубтың барлық мүшелерін әсем, тарихи қала Таразда, дөңгелек үстелде көргеніме өте қуаныштымын. Біз мұнда маңызды мәселеге, яғни, осы қызметте менің жұмысымды жалғастыратын клубтың жаңа президентін сайлауға жиналдық. Биыл мен 65 жасқа толамын, клубтың президенті ретінде дипломатиялық миссиямды аяқтауым керек. Мен бұл қызметте 3,5 жыл жұмыс істедім, дегенмен, алдағы уақытта клубтың мүшесі болып қала беремін, - деді Ресей елінің бас консулы Евгений Бобров. Дипломатиялық клуб мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Қытайдың бас консулы Цзян Вэй жаңа президент болып сайланды. – Дипломатиялық клубтың жаңа президенті болып сайланғаныма өте қуаныштымын. Бұл қызметте босаңсуға болмайды, сәйкесінше үлкен жауапкершілікті талап етеді. Маған үлкен үміт артқандардың барлығына рахмет айтамын. Менің жаңа қызмет алдында ынта-жігерім, күш-қуатым мол», - деп Цзян Вэй дипломатиялық клуб мүшелеріне алғысын білдірді.  width=   Айта кету керек, бүгінгі таңда отандық кәсіпорындардың өнімдерін экспорттауға бағытталған Қазақстан экономикасының басым салаларына шетелдік инвестициялар мен инновациялық технологияларды ілгерілету еліміздің экономикасын дамытудың басты мақсаттарының бірі болып табылады. – Форум бізге оңтүстік астанамыздан тыс жерде кездесуге мүмкіндік берді, мен мұны мақтан тұтамын. Алдағы уақытта тек облыс орталығында ғана емес, Жамбыл облысының аумағындағы өңірлерде де көшпелі дипломатиялық клуб ұйымдастыруды жалғастыруды ұсынамын. Түрлі нысандарды аралай келе, біздің өңірдің ауқымды мүмкіндіктері бар екенін көрдіңіздер, – деді жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Әбілқайыров. Консулдық корпустан келген қонақтарға Айша бибі анамыздың бейнесі бар ерекше қорапқа салынған Жамбыл облысы туралы кітаптар естелікке сыйлық ретінде табыс етілді.  width= Шара соңында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің басшысы Бақытжан Бөлегенов «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы дипломатиялық клубқа қабылданғанын салтанатты түрде жариялады.   Кирилл БЕРДЕЦКИЙ, «Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі    
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар