дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мені жеңу оңай емес»: ауыр дертпен күресіп жатқан актер халыққа үн қатты

«Мені жеңу оңай емес»: ауыр дертпен күресіп жатқан актер халыққа үн қатты
Фото - ашық дереккөз
Мұрат Бисенбин қиын шақта қолдап жатқан халыққа алғысын білдірді

Бірнеше айдан бері ракпен күресіп жатқан белгілі актёр Мұрат Бисенбин аты жаман сырқатты жеңіп шығатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

 "Мені жеңу оңай емес. Міндетті түрде бәрін еңсеремін. Маған моральдік және материалдық тұрғыда көмектесіп жатқан бәріңізге рахмет! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін", - деді ол.

 

Айта кетейік, осыған дейін актер Саят Исембаев өнердегі әріптесінің денсаулығы сыр бергенін айтып, көпшілікке үндеу жасаған еді.

 

Міне, содан бері ауыр дертпен күресіп жатқан актёр де әлеуметтік желідегі парақшасына жиі шығып, денсаулығы жайлы оқырмандарына ақпарат беріп жүр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар