жұма, 4 қазан, 2024 14:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичпен жұдырықтасады

Бүгін Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичпен жұдырықтасады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Боксшылар Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де шығады

Жәнібек Әлімханұлын өзін әжуалаған Андрей Михайловичпен кездеседі. Отандасымыз орта салмақта WBO және IBF титулдарын қорғайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жекпе- жекті KazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсете.

Кеше өткен баспасөз мәслихатында Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңдағы қарсыласы Андрей Михайловичт жылдам нокаутқа түсіретінін тілге тиек еткен.

- Мен үшін бұл жекпе-жектің маңызы өте зор. Өйткені Андрей Михайлович менің титулдарыма ресми үміткер боксшы. Ол қазір мен үшін бұлт сияқты. Күнді көру үшін тез бұлттан құтылуым керек. Мен үшін бұл қиын жұмыс емес.  Мен оны шаршы алаңда жылдам нокаутқа түсіремін, - деді жерлесіміз.

Айта кетейік, боксшылар 13 шілдеде кездесу керек еді. Алайда Жәнібек Әлімханұлының салмақ қууына байланысты денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жатқызылған болатын.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар