сейсенбі, 1 қазан, 2024 6:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Меркі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар сала мамандарымен кездесу өтті

Меркі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар сала мамандарымен кездесу өтті
ашық дереккөзі
Меркі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар сала мамандарымен кездесу өтті
«Адалдыққа бір қадам» акциясы бойынша Меркі ауданына жұмыс сапарымен барған Департамент басышысының бірінші орынбасары Д.Омаров білім және денсаулық сақтау салаларының мамандарымен кездесті. Оған себеп, тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жемқорлық тәуекелдері басым сала ретінде осы екі сала көрсетілген. Білім саласының қызметкерлерімен өткен кездесуде Даурен Даниярбекұлы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің және онымен қоғам болып күресудің маңыздылығына кеңінен тоқталды. Сыбайлас жемқорлық жағдайларына жол бермеу әрбір азаматтың парызы екенін айтып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасқанда ғана аталған дерттің алдын алуға болатынын жеткізді. Денсаулық сақтау саласы мамандарымен кездесу барысында тұрмыстық жемқорлықты жою керектігі, жемқорлық үшін жаза күшейтілгендігі туралы айтылды. Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлерін жеке қабылдау ұйымдастырылды. Одан бөлек мәдениет және спорт саласының қызметкерлерімен де кездесу өткізілді. Кездесу барысында департаменттің бас маманы А.Ажибаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамның санасын оятып, жемқорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру – қоғамның басты міндеті екенін айтты. Сыбайлас жемқорлықтың салдарын түсіндіріп, оған жол бермеудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында волонтер-заңгерлердің қатысуымен халық көп жүгінетін мамандардың қызметі бойынша кеңес беру алаңы өткізілді. Онда сот орындаушы, адвокат, нотариус, заңгер мамандар келушілерге жиі көтерілетін өзекті мәселелер бойынша кеңес берді. В Меркенском районе организован ряд профилактических мероприятий по профилактике коррупции Первый заместитель руководителя Департамента Д.Омаров, посетил Меркенский район с рабочим визитом в рамках акции «Адалдыққа бір қадам»7 В ходе визита Д.Омаров встретился со специалистами сферы образования и здравоохранения. Поводом встречи стал результат опроса проведенного среди жителей района, по итогам которых сферы здравоохранения и образования были отмечены как сферы с высокими корруцпионными рисками. В ходе встреч было отмечено, что необходимо искоренить бытовую коррупцию,. Кроме того, был организован личный прием предпринимателей района. Также, была проведена встреча с работниками сферы культуры и спорта. В ходе встреч главный специалист Департамента А.Ажибаев отметил, что главной задачей общества является развитие антикоррупционного сознания и формирование нетерпимости к коррупции. Объясняя последствия коррупции, он подчеркнул важность её недопущения. Кроме того, в районном центре обслуживания населения с участием волонтеров-юристов проведена консультация для жителей района. Судебные исполнители, юристы и нотариусы консультировали граждан по часто задаваемым вопросам.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар