сейсенбі, 1 қазан, 2024 4:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Несие алуға тыйым және хакерлермен жұмыс: депутаттар заң жобасын қабылдады

Несие алуға тыйым және хакерлермен жұмыс: депутаттар заң жобасын қабылдады
ашық дереккөзі
Несие алуға тыйым және хакерлермен жұмыс: депутаттар заң жобасын қабылдады
Мәжілісте екінші оқылымда жеке басты куәландыратын құжаттардың қағаз көшірмелерін жинауға тыйым салуды көздейтін заң қабылданды, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. Мәжілісмендер несие беру қағидаларын қатаңдату туралы заң жобасын Сенатқа жолдады. Аталған заң жобасы биылғы 27 қыркүйекте бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатпен жұмыс барысында Мәжілісте жобаны жақсартатын бірқатар толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева баяндады.
«Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі енгізілді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бақылаушы орган. Азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығын беру. Тыйым салуды «электрондық үкіметтің» жеке кабинетінде белгілеуге болады. Ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескерілетін болады. Бұл үшінші тұлғалардың банктік қарыздар мен микрокредиттер алуын болдырмауға мүмкіндік береді», - деді Смышляева.
Депутат дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторлары бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлауға міндетттелетінін айтты.
«Азаматтар өздерінің дербес деректерімен жасалған барлық операция туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе SMS арқылы біледі. Сонымен қатар депутаттар заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылайтын және мазмұнын жақсартатын түзетулерді енгізді. Заң жобасы бойынша тоқсан жеті түзету келіп түсті. Олар жұмыс тобының және Комитеттің кеңейтілген отырыстарында қаралды. Қорытынды салыстырмалы кесте қабылданған қырық алты позициядан тұрады», - деді мәжілісмен.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар