Меркіде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде
Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандардың ахуалымен танысты.
Алдымен Ойтал ауылдық округіндегі «Ақбота» балабақшасының жұмысымен танысып, ондағы мәселелерді назарға алды. Аталған балабақшада қазіргі уақытта 70 бүлдіршін тәрбиеленіп жатса, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу немесе жаңа ғимарат салу мәселесі күн тәртібінде тұр. Жорабек Нұрмергенұлы аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаевқа осы мәселе бойынша нақты ұсыныс енгізуді тапсырды.
Аудан әкімі одан кейін аталған округтегі 180 орындық мәдениет үйінің құрылысымен танысып, мердігер мекеменің өкілдеріне құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды. Өз кезегінде мердігерлер құрлысты аяқтау жоба бойынша келесі жылға жоспарланғанымен, жыл соңынан дейін аяқтайтындарын жеткізді.
Сонымен қатар, аудан әкімі пcихологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде болып, мекемедегі балаларға жасалған жағдаймен танысты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бір жылда құс еті 28 пайызға қымбаттады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда тамшылатып суару жүйелерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қаңтар, 2025
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы тарихи рекордқа жетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 қаңтар, 2025