сәрсенбі, 2 қазан, 2024 7:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Асанбай Асқаровтың туған жері – Тәтті ауылында ас берілді

Асанбай Асқаровтың туған жері – Тәтті ауылында ас берілді
ашық дереккөзі
Асанбай Асқаровтың туған жері – Тәтті ауылында ас берілді
Биыл белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері, Меркі жерінің тумасы Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл. ⠀ ⠀ Осыған орай, бүгін Асанбай Асқаровтың туған жері – Тәтті ауылында ас берілді. Алыс-жақыннан келген ағайын дәмнен ауыз тиіп, ағамыздың рухына арнап құран бағыштады.⠀ ⠀ Сонымен қатар, Қоғам қайраткерінің өмірі мен еңбек жолын дәріптеуге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. ⠀ ⠀ Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы сөз алып, А.Асқаровтың өнегелі өмірі мен халқына қалтқысыз қызмет жолына тоқталып, мерейтойға орай аудан көлемінде ұйымдастырылатын іс-шараларды да тілге тиек етті. ⠀ ⠀ Одан кейін, белгілі жерлесіміз, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Омашев Намазалы Омашұлы бастаған қонақтар Алаштың ардақты ұлы жайында дәйекті деректермен бөлісті. ⠀ ⠀ Іс-шарада аудандық өнерпаздармен қатар, Оңал Азаматова, Индира Хамзина сынды жезтаңдай әншілер және көрші Құлан өңірінен келген өнерлі жігіттер қонақтарға әннен шашу шашты.⠀ ⠀ Ұлттық дәстүрге сай көкпар мен аламан бәйге ұйымдастырылды. Аламан бәйгенің бас жүлдесіне темір тұлпар қойылып, жүлделі орындарға қомақты қаражат пен бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар