сәрсенбі, 2 қазан, 2024 5:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Табиғатты қорғау – адамзаттың парызы

Табиғатты қорғау – адамзаттың парызы
ашық дереккөзі
Табиғатты қорғау – адамзаттың парызы
Жамбыл ауданында күзгі екі айлық санитарлық-тазалық жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің қаулысымен өңір аумағында тазалық жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру үшін арнайы штаб мүшелері бекітіліп, іс-шаралар жоспары әзірленді. Бүгінде аудандық мекемелер мен ауылдық округтер тарапынан санитарлық-тазалық жұмыстарына 765 азамат, 27 техника қатысып, 45 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстарына елді мекен тұрғындары да белсене атсалысуда. Қала маңындағы Гродекова ауылдық округінде бұл жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде. – Ауылдың ажарына барлығымыз жауаптымыз. Күзгі екі айлық санитарлық-тазалық жұмыстарына округтегі мекеме-ұйым қызметкерлері қатысып, жол жегіндегі қураған ағаштар мен арық-атыздардағы күл-қоқыс толықтай тазартылды. Арнайы жүк көлігі арқылы 1 тоннаға жуық қалдықтар арнайы орынға жеткізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – дейді округ әкімі Болат Қожабеков.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар