Мейрамбек Бесбаев Айзия қызын перзентханадан шығарып алды
- авторjambylinfo.kz
- 1 қазан, 2024
- 3.5k
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әншісі Мейрамбек Бесбаев жары Мархабат пен жаңа туған сәбиін перзентханадан шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Әншінің жары қуанышты сәттен желідегі парақшасына фото-видео жариялаған.
Видеодан Мейрамбек Бесбаевтың ата-анасын, қызы мен ұлын және жақын достарын көруге болады.
Сондай-ақ, әнші ет жақындарының басын қосып, мейрамханада қуанышын атап өткен.
Ал "МузАРТ" тобының мүшесі, әнші Сәкен Майғазиев желіде арнайы видео жариялап, өзінің жүрекжарды тілегін жазған.
“А-а-ал, қызымыздың бауы берік болсын! Мейрамбек пен Мархабат, балапанымыз инабатты, ақылды, білімді болып өссін. Сіздерге де жұғысты болсын”, – деп жазды әнші.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбылда жазасын өтеуші қарттарға фильм көрсетілді
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






