жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Министрлер өңірлерге сапарын желідегі танымал парақшаларда жариялауға міндеттелмек

Министрлер өңірлерге сапарын желідегі танымал парақшаларда жариялауға міндеттелмек
ашық дереккөзі
Министрлер өңірлерге сапарын желідегі танымал парақшаларда жариялауға міндеттелмек
Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Жамбылинфо  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. Министр үкімет мүшелерінің халықпен кездесуіне қатысты бірнеше ұсыныс айтты.
«Біріншіден, мәдениет үйлерінде және Орталық коммуникациялар қызметінің алаңдарында ғана халықпен кездесумен шектелмей, азаматтардың өтініштерінде көрсетілген проблемалық мекенжайларға барып, жағдайды көзбен көрген абзал деген ойдамыз. Екіншіден, министрлердің өңірлерге сапарын тек орталық атқарушы органдардың сайттарында ғана емес, жергілікті деңгейде, әсіресе өңірлік БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі танымал парақшарларда жиі жариялауды қамтамасыз еткен жөн. Үшіншіден, Үкімет қаулысымен бекітілген Кесте министрлердің ғана халықпен кездесулерін реттейді. Жарлық талаптарына сәйкес, министрлермен қатар, вице-министрлер мен ведомство төрағаларының да өңірлерге шығуы қажет деген ойдамыз. Сондықтан мемлекеттік органдар вице-министрлер мен комитет төрағаларының кездесулері жөніндегі ведомстволық жоспарларды бекітіп, министрлердің кездесулерімен қатар, АҚДМ-ге әрбір кездесу бойынша есеп бергені дұрыс деген ойдамыз», - деді Дархан Қыдырәлі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар