Жаңалықтар
Президенттің төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті
- авторjambylinfo.kz
- 31 қаңтар, 2023
- 214
Президенттің төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті
Жиынға Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері және орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысады. Кеңес отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Премьер-Министрдің орынбасарлары Роман Скляр мен Алтай Көлгінов баяндама жасады.
Мемлекет басшысы: «Біз қаланың келбетін сақтап қалуымыз керек. Астанада әлемнің ең үздік сәулет үлгілері қолданылуы керек. Бұған дейін қаланың бірыңғай дизайн-коды әзірленді. Бірақ бұл құжат қағаз жүзінде ғана қалды. Салынып жатқан кейбір ғимараттар бір-бірімен мүлде үйлеспейді. Қаланың оңтүстік-шығыс ауданында сыртқы сипаты сын көтермейтін, бей-берекет салынған нысандар көп. «Артем» және «Тұлпар» сауда орталықтарының маңын да ретке келтіру керек. Әкімдік нақты шаралар қабылдауға тиіс»
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз