жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Назым Қызайбай - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері

Назым Қызайбай -  Олимпиада ойындарының қола жүлдегері
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Ол жартылай финалда Қытай спортшысына жол берді

Париж Олимпиадасында 50 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Ву Юге есе жіберіп, қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Назым Қызайбай  жекпе-жектен соң журналистерге сұхбат беріп, бұл жетістігіне көңілі болмайтынын, Олимпиадаға тек алтын медаль үшін келгенін айтқан. 

"Жеңіске қатты жеткім келді. Барымды салдым. Қытай боксшысы алдап кетті. Ақылды боксшы болып шықты. Алтын медаль бұйырмағанына қатты өкінемін", - деген ол көңілі босап, көз жасына ерік берді. 

Еске салайық, Назым Қызайбай бұрымдылар арасында Олимпиада жүлдесі бұйырған жалғыз боксшы атанып отыр. Атап өтейік, қазір Қазақстан құрамасында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде бар.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар