Оңтүстіктің өзінде қазақ тілінде дұрыс жаза алмайтын, оқи алмайтын оқушылар бар – Рауан Кенжеханұлы
- авторjambylinfo.kz
- 30 мамыр, 2024
- 565
Бұл туралы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы Таразда өткен Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің республикалық форумында айтты, - деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Рауан Кенжеханұлының айтуынша, елімізде 60 мыңдай қазақ тілі мен әдебиеті және бастауыш мектеп мұғалімдері бар екен.
«Бұл кәдімгідей әскер, қол. Еліміздегі тілдік ахуалды қалыптастыратын тап осы орта, басқа адамдар емес. Егер біз мемлекеттік саясатта немесе мемлекеттік қызметте жүрген мамандардың хат жаза алмайтындығын, не болмаса мемлекеттік қызметте заң жазуда мемлекеттік тілді дұрыс қолданбайды десек, оның түптамыры осы біздің білім беру жүйесіндегі сол мамандарды оқыту, оларды өсіру, тәрбиелеу, олардың бойындағы осы дағдыларды қалыптастыруда кеткен кемшіліктерден іздеуіміз керек,-деді ол.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті қазақы оңтүстік өңірлердің өзінде қазақ мектебінде оқитын балалардің қазақша оқиды да, жаза да алмайтынын атап өтті.
«Біз осыған дейін бірқатар аймақта болдық. Соның дені Солтүстік Қазақстан Қызылжар не болмаса Қарағанды, Көкшетау секілді өзге ұлт өкілдері қоныстанған аймақтарда тілдік ахуал Оңтүстік, Батыс Қазақстандарға қарағанда бөлек. Кейде біз Оңтүстік немесе қазақ ұлты көп шоғырланған аймақтарда қазақ тілі ондай өзекті емес, немесе қазақ тіліне қатысты мәселесі тіпті жоқ дегенді естиміз. Бірақ шындығында мәселе басқаша қойылуы керек деп ойлаймыз. Бірақ шындығында мәселе басқаша қойлу керек деп ойлаймыз. Әсіресе қазақ ортасындағы, қазақша сөйлейтін, қазақша білім беретін өз ортамызда тілұстарту мәдениеті, оқу сауаты, жазу мәдениетінің төмендеп бара жатқанын байқаймыз. Қазақ қазақ тілінде дұрыс жаза алмайды, қазақ тілінде оқитын балалар қазақша оқи алмайды және қазақша қызметке келіп отырған мамандар өз қызметін, өз жұмысын ортаға, тұтынушыға қазақша сапалы бере алмай отыр. Мұнда тек Жамбыл облысын ғана айтып тұрған жоқпын, бұл жалпы елдегі жағдай»,-деді ол.
Сондай-ақ, Рауан Кенжеханұлы соңғы жылдары қазақ және орыс мектептерінде білім алатын оқушылардың білім сапасын төмендегенін алға тартты. Алайда, орыс тілінде білім беретін мектептерге қарағанда қазақ тілінде білім алатын оқушылардың білім сапасы жоғары көрсеткіш көрсеткенін тілге тиек етті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024