«Жарылғыш зат па?». Тараздағы қоғамдық орындарда иесіз сөмкелер көбейді
- авторjambylinfo.kz
- 30 мамыр, 2024
- 549
Тараз полициясының "102" пультіне банктердің бірінің жанындағы адам отыратын орындықта қалдырылған күдікті сөмке туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нұсқауға бойынша шақырту орнына Полиция департаментінің жеке құрамы, саперлер, кинологтар, ТЖД және жедел медициналық жәрдем қызметі шұғыл жетті. Аумақты полиция қоршауға алды, сондай-ақ жақын маңдағы ғимараттардан азаматтар шұғыл эвакуацияланды. Әйтсе де арнайы іс-шаралардың барысында сөмкеден жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Онда тек жеке заттар мен құжаттар болған.
- Екі сөмкенің де иелері табылды, олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жамбыл облысының Полиция департаменті күдікті зат табылған жағдайда оған қол тигізуге, ашуға, жылжытуға немесе өзге де әрекеттер жасауға қатаң тыйым салынатынын ескертеді. Осыған ұқсас жағдайда полицияға немесе өзге де құзыретті органдарға жедел хабарлау қажет,- деді ПД баспасөз қызметі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз