«Оқу жылы ұзартылады»: министрлік тараған ақпаратқа түсініктеме берді
- авторjambylinfo.kz
- 5 желтоқсан, 2024
- 5.2k
Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік мессенджерлерде тараған оқу жылының мерзімін ұзарту туралы ақпаратты жалған деп хабарлады деп жазады Jambylinfo.kz.
Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін алға тартып, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасында оқу жылының мерзімін, оқу жүктемесін ұзарту немесе қысқарту мәселесі қарастырылмаған. Оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімдері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен бекітіледі. 2024 жылғы 10 шілдедегі №174 бұйрығына сәйкес 2024–2025 оқу жылы орта білім беру ұйымдарында 1 қыркүйекте басталды және 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев және салалық ведомство өкілдері бірнеше рет түсіндірме берген болатын, – деп хабарлайды ведомство.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Тоқаев Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024