Су тасқыны болған аймақтардың оқушылары емтиханнан босатылады
- авторjambylinfo.kz
- 11 сәуір, 2024
- 1.2k
Кеңес барысында Олжас Бектенов 10 өңірдегі оқушылар мектептегі қазіргі емтихандар мен сынақтардан босайтынын хабарлаған.
"Қазіргі уақытта еліміздің он өңірінде ТЖ режимі жарияланған. 130-дан астам мектеп қашықтан оқыту форматына көшірілді, бірақ эвакуация аймақтарындағы балалардың оқу процесі үзіліп қалды. Оқу-ағарту министрлігіне мектеп оқушыларын ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатуды тапсырамын. Сонымен қатар оларға жоғалтқан уақыттарының орнын толтыруға әрі қарай да көмектесу қажет" — деп атап өтті Премьер-Министр.
Еске сала кетейік, аталған мәселені ҚР Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы көтерген еді. Ол наурыздың соңында қызыл судан зардап шеккен аймақтарға барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтқан. Астанаға келе сала Үкімет басшысына хат жолдап, құзырлы министрік өкілдерімен кездескен.
«Ендігі мәселе - мұғалімдерді біліктілігіне қатысты сынақтардан босату»,-деді Нартай Аралбайұлы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз