Жаңалықтар
Өскеменде атасы 7 жасар немересін пышақтап өлтірген
- авторjambylinfo.kz
- 11 сәуір, 2024
- 2.2k
Өскеменде ер адам 7 жасар немересін пышақтап өлтірген. Қайғылы оқиғаға байланысты ШҚО Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
YK-news.kz сайтының жазуынша, қайғылы оқиға 22 наурызда болған. Ер адам 7 жасар немересіне бірнеше рет пышақ салған. Бала алған жарақаттары салдарынан қаза болды.
"Өскемен тұрғынының немересін өлтіру фактісі бойынша мынаны хабарлаймыз& 22 наурызда Өскемен Полиция басқармасының тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп жазылған хабарламада.
ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті қамауға алынған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала