Жаңалықтар
Оқушының мектепке орамал тағып келуіне негіз жоқ – Астана соты
- авторСадуақас Айсұлу
- 28 қараша, 2024
- 346
Cот оқушының орамал тағып келуін заңға қайшы деп таныды
Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты талап қоюшының «оқушының мектепке орамал тағып келуге болады» деген уәжін жоққа шығарды. Оқушының әкесі бұған дейін министр бұйрығында бас киімге нақты тыйым салынбағанын айтқан.
Заң органы оқушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюін дұрыс тұжырым деп таныды.
«Білім туралы» Заң мен мектептің жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Әртүрлі конфессиялардың элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді», – делінген соттың қорытындысында.