
Табиғи құбылыс Астана уақытымен сағат 01:32-де болған
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шкала бойынша жер сілкінісі 2 балды құрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
— ҚР ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 28 қарашада Астана уақытымен сағат 01:32-де жер сілкінісін тіркеді. Шкала бойынша жер асты дүмпулері 2 балды құрады. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 км жерде орналасқан, — делінген хабарламада.
Қалалық ТЖД мәліметінше, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.
— Қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып табылады, — деп ескертті ведомство.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
26-27 маусым күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласына барады
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 маусым, 2025