Ақтөбе облысының Қобда ауданында мектеп оқушылары жаппай улану жағдайына тап болды. 18 ақпан күні 4-сынып оқушысы дүкеннен сатып алған Қытайдың «Лобстер» тәттісін мектепке әкеліп, достарына үлестірген. Алайда көп ұзамай балалар өзін жайсыз сезініп, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, мектеп асханасының бұл жағдайға қатысы жоқ. Департамент басшысы Райхан Қойшанованың айтуынша, уланған оқушылар мектеп асханасынан тамақтанбаған.
"Оқиға туралы хабарлама түскен соң, біздің үш маман дереу оқиға орнына барды. Тексеру барысында тәттінің сатылған дүкенінде сәйкестендіру құжаттары мен таңбалары жоқтығы анықталды. Бұл жағдайға байланысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, аудандағы 45 дүкен тексерілді. Зерттеуге екі түрлі өнім алынды", – деді ол.
Трамп: Үнемделген бюджет қаражаты халыққа қайтарылады
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






