жұма, 14 наурыз, 2025 21:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп: Үнемделген бюджет қаражаты халыққа қайтарылады

Трамп: Үнемделген бюджет қаражаты халыққа қайтарылады
Фото: istockphoto.com
Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, үнемделген қаражаттың 20 пайызы АҚШ азаматтарына қайтарылады, ал қалған бөлігі үкімет қарыздарын өтеуге жұмсалмақ

АҚШ Президенті Трамп халықаралық қаржыгерлер алдында сөйлеген сөзінде үкіметтің тиімділігіне жауапты департаменттің бір ай ішінде миллиардтаған доллар үнемдегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл департаментті Илон Маск басқарып, оң нәтижеге қол жеткізген.

Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, үнемделген қаражаттың 20%-ы АҚШ азаматтарына қайтарылады, ал қалған бөлігі үкімет қарыздарын өтеуге жұмсалмақ.

«Оның IQ деңгейі өте жоғары. Иә, кемшіліктері бар, бірақ Маск сияқты үкіметтегі ысырапшылыққа, алаяқтыққа және жемқорлыққа қарсы күресіп жүргендер аз. Олар инфляцияны төмендетіп, салық төлеушілердің миллиардтаған долларын үнемдеуде», – деді Трамп.

Трамп салық мөлшерін азайту үшін Конгресстегі республикашылармен күш біріктіруді жоспарлап отыр. Ол халық пен бизнесті бірнеше алымдардан босатуды көздейді, соның ішінде сыйақыға салынатын, әлеуметтік төлемдерге салынатын, қосымша жұмыстан алынатын салық түрлері бар.

Сонымен қатар, отандық мұнай және газ өндірушілерге салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Трамп жергілікті компанияларға өз инвестицияларын толықтай зауыттар салу мен инфрақұрылымдық шығындарға бағыттауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар