Елімізде
Ақтөбеде екі шенеунік бюджеттің 12 миллион теңгесін құмар ойынға салған
- авторМағжан Орынбасар
- 20 ақпан, 2025
- 241

Бұл туралы прокуратура мәлімдеді
Ақтөбе облысында спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуі тиіс болған қаражатты екі балалар-жасөспірім спорт мектебінің басшылары негізсіз иемденген,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жемқорлар 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған.
- Аталған фактілер бойынша прокуратура 2 қылмыстық іс тіркеді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді. Осы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды,- делінген хабарламада.