сейсенбі, 1 қазан, 2024 12:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс аумағында әйелдерге қатысты 1355 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді

Облыс аумағында әйелдерге қатысты 1355 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді
ашық дереккөзі
Облыс аумағында әйелдерге қатысты 1355 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді
Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің қызметкерлері күн сайын отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында оларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға мониторинг жүргізеді. Талдауға сәйкес, облыс аумағында әйелдерге қатысты 1355 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, 7,4%-ға төмендегені байқалады. Олардың ішінде тұрмыс саласында орын алған 31 дерек анықталды. Сонымен қатар, отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы қылмыстардың саласында ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау мақсатында қызметтік тексерістер жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 9 айында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әйелдерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен 1099 құқық бұзушылықтар орын алған. Барлығына заңнамаға сай әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды. Сонымен қатар, құқықбұзушыларға қатысты 26258 қорғау нұсқамасы қойылды, 308 құқықбұзушыға сот шешімімен ерекше талаптар қойылды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру мақсатында, ағымдағы жылдың қаңтар айларынан бастап облыс аумағында өткізілген «Тұрмыс», «Құқықтық тәртіп», «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі», «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар және «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Абайланыз балалар», «СТОП трафик», атты акция ұйымдастырылып отырылады. Іс-шаралардың негізгі мақсаты әйелдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылық деректерінің алдын алу болып табылады. Мұндай шаралар білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, сондай-ақ ҚҒУ «Қоғамдық келісім» ішкі саясат басқармасымен (Аналар, ақсақалдар және жастар саясаты кеңестерімен) бірлесе отырып, жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің 31.07.2014 жылғы № 220 қаулысына сай бекітілген «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының облыстық қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылып, тиімді жұмыс жүргізуде. Аталған орталықпен полиция қызметкерлері тығыз жұмыс жасайды. Бұл жерде өмірдің қиын және дағдарыс жағдайларына түскендерге уақытша паналауға жағдай жасау үшін 27 жатын орынға дейін әйел азаматтарды қабылдай алады. Оған қоса, тәулік бойы сенім телефоны жұмыс істейді. Штат құрамы – 59 қызметкер, оның ішінде психолог, социолог және заңгер мамандары бар. Жалпы облыс аумағында 3 дағдарыс орталығы қызмет атқарады, оның ішінде 2-і мемлекеттік, 1-і жеке мекеме болып табылады. Тараз қ. ПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықпен қорғау тобы қызметкерлерінің анықтап, тексеру жұмыстарының нәтижесінде осы жылы қиын жағдайға тап болған 66 әйел 171 бала қажетті көмек алды. Сенім телефоны арқылы қоңырау шалған 543 әйел азаматшаға көмек көрсетіліп, 1571 азаматшаға консультация берілді. Ағымдағы жылдың 9 айында жүргізілген іс-шаралардың статистикалық мәліметтерін айтатын болсақ, жүргізілген дәрістер, семинарлар, тренингтер және т.б. профилактикалық іс-шаралар саны - 391, жоғары және орта арнайы оқу орындарында - 75, қатысқан азаматтардың саны - 2390, ал орта білім беру мектептерінде - 216, қатысқан қатысушылар саны - 3764, мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелерде - 100, қатысқан қатысушылар саны - 1565 болды. Полиция қызметкерлері профилактикалық шаралар өткізу кезінде дағдарыс орталығы, аналар үйі, денсаулық сақтау, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, қоғамдық бірлестіктер және «Отандастар» ҚБ, Аналар кеңесі сияқты т.б. үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Осы ведомствалар мен ұйымдармен 130 бірлескен іс-шара өткізілді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар