Жаңалықтар
Жуалыда алғаш рет лапароскопиялық әдіспен күрделі ота жасалды
- авторjambylinfo.kz
- 28 қыркүйек, 2022
- 361
Жуалыда алғаш рет лапароскопиялық әдіспен күрделі ота жасалды
Қыркүйек айының 24-і күні Жуалы аудандық орталық ауруханасында 2001 жылғы туылған, Бауыржан Момышұлының тұрғынына лапароскопиялық әдіспен гинекологиялық ота жасалды. Ота бөлмесіне дайындау мақсатында, пациент, алдымен, амбулаторлық деңгейде толық зерттелуі үшін стационар дәрігерлер қаралымына жіберілді. Содан кейін ғана, дәрігерлер лапароскопиялық ота жасауға болатыны жөнінде ұйғарым жасады. Бұл операцияны аурухананың акушер-гинекологы Ғазиза Егізбаева және қалалық көпбейінді ауруханасының білікті дәрігерлері бірлесе отырып, орындады.
Ота – жатыр қосалқылары патологиясына лапароскопиялық әдіспен жасалынып, операция сәтті түрде аяқталды. Бүгінде науқастың жағдайы өте жақсы.
Гинекологиядағы лапароскопияға дайындық – жоспарлы түрде жүргізіледі, бірнеше кезеңдерден өтеді. Біріншіден, науқас зерттеледі және жалпы ұсынымдар беріледі, рәсім принципі түсіндіріледі.Дайындық кезеңінде әйелді анестезиолог және гинеколог зерттейді. Қатердің түріне және бірлескен патологиялардың болуына қарай диагноз қағидасы анықталады. Ең бастысы – отадан кейін ауырсынулар қатты болмайды. Сондай-ақ, дер кезінде дәрігерге көрініп, уақытылы емдеу шаралары жасалған жағдайда, пациентке аса үлкен қауіп төнбейді.
Мұндай оталардың барлығы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жасалатынын еске саламыз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз